Еңбегі елеулілер «Белсенді қызметі үшін» төсбелгісін иеленді
Еңбегі елеулілер «Белсенді қызметі үшін» төсбелгісін иеленді
537
оқылды

Nur Otan партиясы Жамбыл облыстық филиалының төрағасы Бердібек Сапарбаевтың қатысуымен Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған салтанатты жиын өтті. Іс-шараға партия саяси кеңесі мен бюро мүшелері, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары, партия ардагерлері мен белсенді «нұротандықтар» қатысты.

Бердібек Машбекұлы жиналғандарды Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойымен құттықтап, Тұңғыш Президент – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Тәуелсіздік тағылымы» мақаласындағы және «Елдіктің жеті тұғыры» атты қағидаттар жинағындағы басты құндылықтарын, партияның 7 жетістігін және  өңірдің даму көрсеткіштерін айтып өтті. Белсенді – Партияның Тәуелсіздіктің 30 жылдығында қол жеткізген толағай табыстары мен биік жетістіктерінде – жамбылдық «нұротандықтардың» да сүбелі үлесі бар. Біріншіден, партия жұмысы жүйелі «қайта жаңғырудан» өтті. Саяси тәжірибе тарихында алғаш рет республика көлемінде праймериз өткізілді. Бұл Nur Otan  қатарына бәсекеге қабілетті жаңа тұлғаларды тартуға және партияның сайлауалды тізімін 80 пайызға жаңартуға мүмкіндік берді. Барлық деңгейдегі мәслихаттардағы Nur Otan фракцияларының құрамы 70 пайызға жаңартылды. Екіншіден, коронавирусқа қарсы тиімді шаралар іске асырылды. Партия Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен қолға алынған «Biz Birgemiz» акциясы аясында 39 мың адамға 1 млрд 945 млн теңге материалдық көмек көрсетілді. Үшіншіден, халықтың әртүрлі топтарын нақты қолдау қамтамасыз етілді. Партия волонтерлер қозғалысын күшейтті, партиялық тізімге 20 пайыздық жастар квотасын енгізді. Жастардың талап-тілегі 2025 жылға дейінгі «Жастар – Отанға!» бағдарламасында айқын көрініс тапты. Төртіншіден, халықтық сайлауалды бағдарламалар әзірленді. Праймериз және сайлау науқаны кезінде жиналған тұрғындардың талап-тілегі негізінде облыс, қала мен аудан үшін алғаш рет 12 сайлауалды бағдарлама жасақталды. Бұл алдағы бес жылға арналған дамудың жол карталары. Бесіншіден, партия мәжіліс пен мәслихаттар сайлауында айқын жеңіске жетті. Бәсекелестік негізде партия сайлауда 79,5 пайыз дауыс жинады. Алтыншыдан, сайлауалды уәделердің орындалуына жүйелі бақылау жүргізудің тиімді құрылымы қалыптасты. Нақты индикаторлар мен мақсатты көрсеткіштері бар 12 жол картасы қабылданды, қоғамдық кеңестер құрылды. Фракциядағы 175 депутаттың жұмысын жандандыру үшін рейтинг жүйесі іске қосылды. Ол келесі жылдың ақпан айынан бастап жария түрде жүргізілетін болады. Жетіншіден, ауыл әкімдері алғашқы тікелей сайлауда айқын жеңіске жетті. ҚР «Сайлау туралы» заңына енгізілген өзгерістерге сәйкес, ауылдық округ әкімдерін тікелей сайлау науқанында  партия өзінің белсенді позициясын көрсетті.  Бүгінге 53 ауылдық округтің әкімі тікелей сайлау арқылы сайланса, оның 46-сы Nur Otan партиясының мүшелері, – деді облыс әкімі. Белсенді Жиын соңында филиал төрағасы Nur Otan партиясына жемісті еңбек сіңірген партия мүшелеріне «Белсенді қызметі үшін» төсбелгілерін табыс етті.