Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова мен Мәдениет басқармасының басшысы ұсталды
Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова мен Мәдениет басқармасының басшысы ұсталды
Коллаж: Aikyn.kz
407
оқылды

Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова мен облыстық Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Ақылбек Рысқалиев 5 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікпен ұсталды. Бұл туралы "Ақ Жайық" басылымы жазды.

Оларды 10 желтоқсанда Нұр-Сұлтаннан арнайы келген ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері ұстаған. Жергілікті басылымның хабарлауынша, алдын ала мәлімет бойынша Атырау облысы әкімінің орынбасары мен облыстық мәдениет басқармасының басшысы тендер үшін пара алған. "Бақытгүл Хаменова қазір Атырау облысы ПД уақытша ұстау изоляторында отыр. Ол Абай ескерткішін орнатуға бөлінген 150 млн теңгенің тендерінен жымқырған", – деп жазды Yedilov online Telegram арнасы. Басылымның мәліметінше, Ақылбек Рысқалиев кінәсін бірден мойындағандықтан босатылған. Еске сала кетейік, Бақытгүл Хаменова 2020 жылдың 13 наурызынан бері Атырау облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарып келді.