Бақытгүл Хаменова жаңа қызметке тағайындалды
Бақытгүл Хаменова жаңа қызметке тағайындалды
Атырау облысы әкімінің орынбасары болып Бақытгүл Хаменова тағайындалды. Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов жаңа орынбасарды актив жиналысында таныстырды. Ол Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша тәмамдаған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аспирантурасын бітірген. Кейін Атырау мұнай және газ институтын, М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін тәмамдаған. Филология ғылымдарының кандидаты. 1999-2001 жылдары – Атырау облыстық телерадио-ақпараттық компаниясының дикторы, редакторы. 2001-2004 жылдары Атырау мұнай және газ институтының қазақ және орыс тілдері кафедрасының оқытушысы, Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің элитарлық мектебі директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары болып жұмыс істеген. 2004-2005 жылдары – «Рахат ТВ» Атырау телерадио хабарларын тарату филиалы қазақ редакциясының тілшісі. 2005-2016 жылдары Атырау Каспий өңірінің қазіргі замандағы колледжінің директоры болған. 2016 жылғы 24 наурыздан алтыншы сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты. Nur Otan партиясының мүшесі, партияның Саяси кеңесінің мүшесі, Президенттің Алғысхатымен, Ыбырай Алтынсарин, «Білім беру ісінің құрметті қызметкері», «Белсенді қызметі үшін» төсбелгісімен, «Құрмет» орденімен марапатталған. Айта кетейік, бұған дейін Бақытгүл Хаменова Парламент Мәжілісінің депутаты болған еді.