"Bilimmen bolis" жобасы жалғасын тапты
"Bilimmen bolis" жобасы жалғасын тапты
621
оқылды

Нұр-Сұлтан қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы, «Руханият» КММ «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Bilimmen bolis»  жобасын қайта қолға алды. 2019 жылы қалалық әкімдіктің қолдауымен басталған жоба биыл жалғасын тапты.

 width= Жоба бірнеше мақсатты көздейді. Бірінішісі, презентация, лекция тек қазақ тілінде. Яғни, қазақ тілін білім тіліне айналдырып, сапалы тіл ретінде насихаттау бастамасы көтеріледі. Екіншісі, белгілі азаматтар шетелде алған білімі мен елде жиған тәжірибесін аудиториямен тегін бөліседі. Бұл адами капиталдың артуына қосқан үлес. Үшіншісі, біліммен бөлісу – ерікті іс екенін насихаттау. Келешекте отандық білікті менеджерлер, интеллектуалдар дәл осылай қоғаммен өз білімімен, тәжірибесімен бөлісуіне шақыру. 2 желтоқсан күні Jumbaktas қонақүйінде «Bilimmen bolis» жобасының аясында Ұлттық аударма бюросының жетекшісі, Bilim Media Group компаниясының директоры Рауан Кенжеханұлы «Адам капиталы және еңбек нарығындағы жаңа қабілеттер» атты тақырыпта жиналған аудиторияға ашық лекция өткізді. Лекция барысында Дүниежүзілік банктің Қазақстанда жүргізген зерттеулерінің қорытындысы, бүгінде білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды. Атап айтсақ, аймақтардағы демографиялық алшақтықтың білім сапасына, әр оқушыға бөлінетін бюджет қаражатының көлеміне кері әсер етуін, ауыл мен қала оқушысының оқу үлгеріміндегі айырмашылықты тілге тиек етті.  width= Кейін лектор «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында аударылған 100 жаңа гуманитарлық кітаптар жайлы айтып берді. Себебі аталған бастамаға Рауан Кенжеханұлы жетекшілік еткен. Ол әрбір кітапты не үшін аударғанын, онда қандай құнды ақпарат жазылғанын баяндап берді.  width= Бұдан бөлек, Р.Кенжеханұлы бүгінде еңбек нарығында жас мамандарға қажет заманауи дағдылар жайлы да айтып берді. Аудиторияның басым бөлігі жастар болғандықтан, олар аталған тақырыптарға қызығушылық танытты. Нақтырақ айтса, дизайн-ойлау, эмоционалды интеллект сынды заманауи қабілеттердің маңызы мен ертең жұмыс орнында қажет болатын Microsoft бағдарламаларды меңгеру сынды қарапайым дағдылар жайлы айтып берді.