Әли Ахмедов АҚШ-та мексикалық қарсыласын бірінші раундта нокаутқа түсірді
Әли Ахмедов АҚШ-та мексикалық қарсыласын бірінші раундта нокаутқа түсірді
©instagram.com/ali_akhmedov_officialpage
263
оқылды

Екінші орта салмақтағы қазақстандық боксшы Әли Ахмедов кезекті жеңісіне қол жеткізді, - деп хабарлайды Vesti.kz порталы.

Ол Монтебеллода (Калифорния, АҚШ) өткен бокс кешінде мексикалық Пол Валенсуэлаға қарсы жекпе-жекке шықты. Жекпе-жек он раундқа жоспарланған болатын, бірақ біріншісінде аяқталды. Бірнеше соққыдан кейін Ахмедов қарсыласын нокаутқа түсірді. Қазақстандықтың бұл 18-ші жеңісі, оның 14-ін уақытынан бұрын аяқтаған. Ал Валенсуэла 11-рет жеңілді, десе де оның қанжығасында 26 жеңіс бар. Еске салайық, Ахмедовпен IBF және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкиннің GGG Promotions промоутерлік компаниясы айналысады.