Синоптиктер ауа райына байланысты бірнеше өңірде дауылды ескерту жариялады.
Ақтөбе облысында күндіз облыстың оңтүстік-батысында көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстік-батысында және орталығында екпіні 15-20 м/с артады.
Маңғыстау облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында көктайғақ болады.
Түркістан облысында тұман болжанады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз таулы аудандарда күші 15-20 м/с жетеді.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман күтіледі.
Қарағанды облысының батысында, орталығында желдің екпіні 15-20 м/с артады.
Қызылорда облысының солтүстігінде көктайғақ болады. Жел оңтүстік-батыстан соғады, түнде облыстың орталығында желдің күші 15-20 м/с құрайды.
Шығыс Қазақстан облысының орталығында, оңтүстік-шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Желдің екпіні 15-20 м/с құрайды, күндіз Жарма ауданында күші 23-28 м/с артады.
Алматы облысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с құрайды. Алакөл көлдерінің ауданында екпіні 29 м/с және одан жоғары көтеріледі.