Елде коронавирус пен пневмониядан 20 адам көз жұмды
Елде коронавирус пен пневмониядан 20 адам көз жұмды
Old sick lady lying in hospital bed
463
оқылды

Қазақстанда бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан 20 адам қайтыс болды, – деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігі.

15 науқаста коронавирусқа тест оң, бесеуінде теріс нәтиже көрсеткен. 12 желтоқсандағы мәлімет бойынша, 21 211 адам коронавирус инфекциясынан (18 418 КВИ+ және 2 793 КВИ-) емделіп жатыр, олардың ішінде:
  •  4 145 пациент стационарда;
  • 17 066 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
  • 332 адамның жағдайы ауыр;
  • 85 пациенттің жағдайы өте ауыр;
  • 66 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.