Елорда вокзалында жолсерік токқа түсіп көз жұмды
Елорда вокзалында жолсерік токқа түсіп көз жұмды
Сурет: 24.kz
608
оқылды

Нұр-Сұлтан қаласындағы ескі вокзалда пойыз жолсерігі тоққа түсіп, қайтыс болды. Бұл туралы ҚР ІІМ Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ресми мәлімдемеге сүйенсек, аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 156-бабының 3-тармағына сәйкес (Еңбекті қорғау ережесінің сақталмауынан абайсызда адам өліміне әкеп соқтыру) Нұр-Сұлтан стансасындағы желілік полиция басқармасының сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелген. Сондай-ақ қазіргі уақытта төтенше оқиғаға қатысты тергеу амалдары жүріп жатыр.
 «Бұл іс бойынша басқа ақпарат ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабының талаптары бойынша тергеу мүддесіне сай жариялауға жатпайды», – дейді ведомстводан.