Атырау – Доссор трассасында жол апатынан екі адам мерт болды
Атырау – Доссор трассасында жол апатынан екі адам мерт болды
383
оқылды
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, жол-көлік апаты кеше, 11 желтоқсанда болған. Ресей нөміріндегі «ВАЗ-2115» көлігі DAF ауыр жүк көлігімен соқтығысып қалды. Апат салдарынан жеңіл көліктің 36 жастағы жүргізушісі мен оның бір жолаушысы қаза тапты. https://www.youtube.com/watch?v=d4sz4eTsUfk&feature=emb_title\
«Атырау қаласындағы «Жұлдыз» шағынауданының тұсында, «Атырау-Доссор» бағытындағы жолдың бойында ресейлік нөмірі бар «ВАЗ – 2115» автокөлігі «DAF» жүк көлігіне жол бермей, соқтығысқан. Жол-көлік апатының салдарынан жеңіл көліктегі 2 жолаушы көз жұмды. Жеңіл көлік Ресей Федерациясында да, Қазақстан Республикасында да тіркеуге қойылмағаны анықталды», – деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.