Маңғыстау облысының бесінші жол айрығы ауданында вагон өртенді. Бұл туралы мемлекеттік өрт бақылау басқармасының басшысы Александр Алексеев мәлімдеді, – деп хабарлайды Lada.kz сайты.
Теміржол рельсінде вагонның ішкі қаптамасының өртенгені туралы хабарлама облыстың Төтенше жағдайлар департаментіне бүгін, 12 желтоқсан күні сағат 18.12-де келіп түсті.
https://www.youtube.com/watch?v=U8Tla1pSz7Q&feature=emb_title
Өрт орнына Бейнеу стансасының ҚТЖ-дан бір өрт сөндіру пойызы мен 16 қызметкері жұмылдырылды. сағат 19.00-де сөндірілді.
Зардап шеккендер жоқ.