Боксшы Фируза Шәріпова соңғы жекпе-жегінен қанша қаражат тапқаны белгілі болды
Боксшы Фируза Шәріпова соңғы жекпе-жегінен қанша қаражат тапқаны белгілі болды
204
оқылды
Қазақстандық боксшы Фируза Шәріпова әлем чемпионы Кэти Тейлорға қарсы жекпе-жегі отандасымыз үшін табыс жағынан ең тиімді болды, – деп хабарлайды sports.kz.
Фируза Шәріпова өз парақшасында G versus YouTube-каналының видеосын жариялаған. Онда видео авторы қазақстандық боксшының 500 мың фунт стерлинг (шамамен 288 млн теңге (660 мың доллар) тапқанын айтқан. Ал оның ирландиялық қарсыласы 2 млн доллардан көбірек табыс тапқан. Видео авторының айтуынша, бұл Фирузаның рекордты гонорары. Бұған дейін ол әр жекпе-жегі үшін көп дегенде 50 мың доллар гонорар алған. Айта кетейік, Шәріпова мен Тейлор арасындағы жекпе-жек 11 желтоқсан күні Ливерпуль (Англия) қаласында өтті. Олар 10 раунд бойы жұдырықтасып, нәтижесінде төрешілердің бірауыз шешімімен ирландиялық боксшы жеңіске жетті.