ВТБ банкпен бірлескен жобалар
ВТБ банкпен бірлескен жобалар
265
оқылды
Мемлекет басшысы ВТБ банкі басқармасының президенті әрі төрағасы Андрей Кос­тинді қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстандағы бірлескен жобалар туралы ақпарат берілді. Андрей Костин 2020-2021 жылдары Қазақстанның ірі мемлекеттік және жекеменшік компанияларымен жалпы құны 6 миллиард доллардан асатын бір­қатар маңызды келісімге қол қойылғанын хабарлады. ВТБ қар­­жыландыратын қазақстандық жобалардағы қаражаттың жалпы көлемі 11,5 миллиард долларға жеткен. KAZ Minerals компаниясының қаржыландырылуы осы жылдың аса үлкен келісімі болды. ERG ком­­паниясымен несие ке­лі­сімдері жаңғыртылып, «Са­мұрық-Қазына» қорымен және оның еншілес ұйымдары – Атырау мұнай өңдеу зауыты, «Қазақстан темір жолы» ұлттық ком­паниясы және «Қаз­трансгаз» акционерлік қоғамымен бірқатар несиелік келісім іске асырылды. Сонымен қатар Қазақстан Президентіне ВТБ банкінің жобалық қаржыландыру, соның ішінде жасыл энергетика бағытындағы жұмыстарының перспективті бағыттары туралы ақ­парат берілді. Қасым-Жомарт Тоқаев Андрей Костинді жоғары мемлекеттік награда – «Достық» орденін алуымен құттықтады.