Балық аулауға шыққан анасы мен баласы қаза тапты
Балық аулауға шыққан анасы мен баласы қаза тапты
Фото: alau.kz
484
оқылды

Қостанай облысында балық аулауға шыққан ер адам мұз жарылып, көлігімен суға батып кеткен. Renault Duster маркалы көлік ішінде үш адам болған, – деп жазады alau.kz.

Қайғылы оқиға 9 желтоқсан күні Қостанай облысының Денисов ауылы маңында болған.

ТЖД-нің мәліметінше, бұрынғы «Волна» туристік кешенінің аумағында мұз жарылып, көлік суға батып кеткен. Көлікте 44, 62 жастағы  екі ер адам және 65 жастағы әйел адам болған. Балық аулауға шыққан үшеуі көлікпен мұздың үстімен жүрген. Оқиға орнында 44 жастағы көлік жүргізушісі мен оның анасы қаза тапты.

Олардың досы, үшінші адам жағалау күзетіне өз күшімен жетіп, құтқарушыларға хабар берген. Жедел жәрдем қызметкерлері оқиға орнына келіп, ажалдан аман қалған балықшыға көмек көрсетті. Қатты қорқып, тоңып қалған балықшының халі мүшкіл. Дәрігерлер емдеп жатыр.

Бұған дейін Сырдарияға батып кеткен көлік жайлы жазған болатынбыз.