БҚО-да инспектор көз жұмды
БҚО-да инспектор көз жұмды
248
оқылды
Бұл туралы экобелсенді Сәкен Ділдахмет Facebook-тегі парақшасында хабарлады.
"Бүгін, 14 желтоқсанда Батыс Қазақстан облысы Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бөлім басшысы Серік Мәженов көз жұмды. Алдын ала болжам бойынша браконьерлер шабуыл жасаған.
Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Серікпен таныспын. Ол адал және жақсы адам болды. Бұл салада 15 жылдан астам уақыт жұмыс істеді.
Орны толмас қайғы.  Иманды болсын", - деп жазды ол.