LRT қаржысын жымқырған Қанат Сұлтанбековті АҚШ-тан әкелу мүмкін бе?
LRT қаржысын жымқырған Қанат Сұлтанбековті АҚШ-тан әкелу мүмкін бе?
©azattyq-ruhy.kz
199
оқылды

Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Қанат Сұлтанбековті АҚШ-тан әкелу кезінде туындаған қиындықтарымен бөлісті.

Ведомствоның хабарлауынша, қашқын қылмыскер жергілікті елдің заңын бұзбаса, АҚШ үкіметі оны ұстап беруге, тұтқындауға атсалыспайды. Оған қоса, Қазақстан мен АҚШ арасындағы Қылмыскерлерді ұстап беру туралы келісімнің жоқтығы да "Астана LRT" ісіне қатысты айыпталушыны қайтаруға кедергі келтіруде.

Естеріңізге салсақ, елімізде Қанат Сұлтанбеков пен басқа да осы қылмысқа қатысы бар адамдар 7-10 жылға бас бостандығынан айырылған.