Ресейдегі қылмыскер Қазақстанда ұсталды
Ресейдегі қылмыскер Қазақстанда ұсталды
338
оқылды
Қазақстан полицейлері Ресейде 21 жыл бойы іздеуде жүрген ер адамды Көкшетауда ұстады. Осы уақыт ішінде егде жасқа келіп қалған ол солтүстік көрші аумағында адам зорлады деген күдікке іліккен. Ақмола облысында көші-қон процестерінің криминогендік жағдайға қолайсыз әсерінің ықтимал тәуекелдерін төмендету үшін 6-12 желтоқсан аралығында өңір аумағында «Мигрант» жедел алдын алу іс-шарасы өткізілді. Өткен кезеңде криминалдық полиция құрылымдарының қызметкерлері қылмыс жасағаны үшін мемлекетаралық іздеуде жүрген 5 қылмыскерді ұстады. Атап айтқанда, облыс орта­лығының аумағында 2000 жылдан бастап Ресейдің ішкі істер ми­нистрлігінің Сургут қаласы бо­йынша басқармасы зорлау ісі бойынша іздестіріп жүрген қыл­мыскер – Қазақстанның 52 жас­тағы азаматы ұсталды. Сондай-ақ Есіл ауданының аумағында Ресей ІІМ-нің Набережные-Челны қаласы бойынша басқар­масы РФ Қылмыстық кодексінің 158-бабының 2-бөлігінде көз­делген қылмыс жасағаны үшін іздестіріп жатқан қылмыскер – Ақмола облысының 37 жастағы тумасы анықталды. Жыл басынан бері ақмолалық жедел уә­кілдер 71 қылмыскерді іздестірді.

Ерік ЕРДЕНОВ