Алматы қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин қолданыстағы коронавирусқа қарсы вакциналардың тиімді екенін, ревакцинацияға жарайтынын айтты. Бұл туралы Жандарбек Бекшин Facebook-те видео жарияланды.
«Коронавирусқа қарсы екпе алған 980 мыңнан астам азаматтың 3239-ы қайта ауырды. Вакцинаның 2 компонентін алғаннан кейін Алматыда коронавируспен тұрғындардың «Спутник V» – 0,37 пайыз, SinaVak – 0,19 пайыз, QazCovid-in салдырғаннан кейін (Qazvaс) 0,17 пайызы ауырған», – деді Бекшин.
Оның ішінде QazCovid-in екпесін салдырғандар арасында ауруханаға түскен жайттар басқа вакциналармен салыстырғанда айтарлықтай аз екені байқалған.
Жандарбек Бекшин ауру саны азайса да, санитарлық талаптарды сақтау керектігін де айтты.