Белгілі сербиялық кинорежиссер және Канн кинофестивалінің "Алтын пальма бұтағы" марапатының иегері Эмир Кустурица "Алтын Орда" фильмін түсіреді.
Түсірілім 2022 жылға жоспарланған. Бұл туралы Қазақстан киносының ІІІ фестивалінде өткен онлайн-конференция барысында белгілі болды.
Киноэпопеяның алғашқы туындысы «Шыңғысханның ақ бұлты» деп аталады. Тарихи картина халықаралық нарыққа бағытталатын болады.