Шымкенттік мұғалім Шарипа Үменова республикалық "Көшбасшы педагог 2021" байқауына қатысып, жеңімпаз атанды. Ал жеңімпазға автокөлік кілті табысталды. Сөйтіп, тарих пәнінің мұғалімі Қазақстан бойынша үздік деп танылды.
Байқау жеңімпазы Шарипа Үменованың 36 жылдық тәжірибесі бар. Оның айтуынша, байқауға еліміздің түкпір-түкпірінен 210-нан аса мұғалім қатысқан екен.
"Алдымен үздік ондық іріктелді, одан кейін төрттік болды. Еңбектің арқасында жеңіске жеттім деп ойлаймын, өте қуаныштымын. Тәуелсіздік мерекесі құтты болсын!", – деді Шарипа Үменова.
Көлік кілтін Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында өткен салтанатты жиында қала әкімінің бірінші орынбасары табыстады.