Андрей Малахов Бибігүл Төлегенованы туған күнімен құттықтады
Андрей Малахов Бибігүл Төлегенованы туған күнімен құттықтады
©.tengrinews.kz
465
оқылды

Ресейдің белгілі тележүргізушісі Андрей Малахов аты аңызға айналған қазақстандық әнші Бибігүл Төлегеноваға арнайы бейнехабарлама жолдады.

"Құрметті де қадірлі Бибігүл Ахметқызы! "Сәлем, Андрей" бағдарламасының студиясы және Ресейдің барлық көрермені сізді туған күніңізбен құттықтайды. Сізге денсаулық, сәттілік, табыс тілейміз! Сізді жақсы көреміз, құрметтейміз. Сіз – Қазақстанның ғана емес, Ресейдің де інжу-маржанысыз. Сондықтан бізді әрқашан әніңізбен қуантыңыз. Шын жүректен Андрей Малахов, Ресейден сүйіспеншілікпен", – дейді Малахов видеода. Бибігүл Төлегенова 16 желтоқсанда 92 жасқа толды. Халық әншісінің жақындарының айтуынша, Андрей Малахов "қазақ бұлбұлын" қатты құрметтейді. Сондықтан да аяулы жанға құттықтау жолдаған. 2020 жылы Бибігүл Төлегенова Андрей Малаховтың композитор Александр Зацепин туралы бағдарламасы үшін видео түсірді. Сол кезде ресейлік танымал шоумен оны қазақ музыка өнері үшін "Отан-Ана" деп атаған еді. Бұл жайында  Tengrinews.kz хабарлады.