Тұрғын үй кешеніндегі металл конструкция үстіне құлаған әйел көз жұмды
Тұрғын үй кешеніндегі металл конструкция үстіне құлаған әйел көз жұмды
608
оқылды
Нұр-Сұлтанда тұрғын үй төбесіндегі металл конструкция құлау салдарынан қала тұрғыны көз жұмды. Бұл туралы инстаграм желісінде бейне жарияланды. 1965 жылы туған науқас металл конструкциясы құлағаннан кейін аса ауыр жағдайда Нұр-Сұлтан қаласының №2 көпбейінді ауруханасына түскен. Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының айтуынша, әйел 14 желтоқсан күні есін жимастан жан тапсырған. Тиісті ем-шара жасалғанымен, ажалына араша түсе алмады дейді олар. Бұған дейін, 22 қазанда Сығанақ көшесіндегі "Номад" тұрғын-үй кешенінде орналасқан сауда үйінің кіреберісінде әйелге металл конструкциясы құлаған болатын. Әлеуметтік желілерде оқиға орнынан түсірілген видеолар таралған еді. Полиция қылмыстық кодекстің 306-бабы "Қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау не қызметтер көрсету" бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Қажетті сараптамалар тағайындалды.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от АСТАНА | НУР-СУЛТАН (@eto_astana_detka)