Демалыс күндері ауа райы қандай болады?
Демалыс күндері ауа райы қандай болады?
325
оқылды
Синоптиктер 18-20 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Қазақстанның көптеген аймағында тұрақсыз ауа райы болады. Бұған солтүстік-батыс циклонына байланысты атмосфералық фронтальды ауа ағыны өтуі ықпал етеді.
"Қар жауып, көктайғақ, тұман, екпінді жел, елдің солтүстік жартысында бұрқасын болады. Батыста ауа температурасы түнде 5 градус аяз, 2 градус жылы, күндіз 3 градус аяз, 5 градус жылы, солтүстік-батыста ауа температурасы түнде 0-5 градус аяз, күндіз 3 градус аяз, 2 градус жылы, республиканың солтүстігінде және орталығында түнде 1-13 градус аяз, күндіз 0-8 градус аяз, шығыста ауа температурасы түнде 5-15 градустан 0-10 градусқа дейін аяз, күндіз 0-10 градус аяз, еліміздің оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында 5 градус аяз, 2 градус жылы, күндіз 2-13 градус жылы болады", – дейді синоптиктер.