Енді пойыз екі сағаттан артық кешіксе, SMS хабарлама келеді
Енді пойыз екі сағаттан артық кешіксе, SMS хабарлама келеді
Сурет: ile-tany.kz
177
оқылды

Ұлттық тасымалдаушы жолаушылар үшін SMS-хабарлама сервисін іске қосты, - деп хабарлайды «Қазақстан темір жолы» АҚ баспасөз қызметі.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ ағымдағы жылдың желтоқсан айынан бастап пойыздардың екі сағаттан астам кешігуі туралы SMS-хабарландыру жүйесін іске қосылғанын хабарлайды. Хабарламалар BILET.RAILWAYS.KZ сайтына тіркелген пайдаланушыларға және кассаларда билет сатып алу кезінде өздерінің байланыс деректерін қалдырған жолаушыларға түседі. «Жолаушылардан жол жүру құжаттарын ресімдеу кезінде өздерінің дұрыс байланыс мәліметтерін көрсетуді және оларды үнемі жаңартып отыруды сұраймыз» делінген «Қазақстан темір жолы» АҚ таратқан мәліметте.