Ангелина Лукас жеңісінен кейін әнұранды өзі орындап берді

Ангелина Лукас жеңісінен кейін әнұранды өзі орындап берді
Сурет: instagram.com/angelina_lukas1997

Қазақстандық спортшы Ангелина Лукас кәсіпқой карьерасындағы алғашқы жеңісінен кейін әнұранды орындады. Әлеуметтік желі қолданушылары арудың дауысына тәнті болғанын жарыса жазып жатыр.

«Жарайсың, сұлуым», «Бәрекелді», «Неткен сұлу қыз еді», «Дауысы қалай әдемі», «Дауысы да өзі секілді көркем», - деп жазды желі қолданушылары.

Еске салсақ, Лукас Нұр-Сұлтандағы бокс кешінде украиналық Светлана Василевскаямен жұдырықтасты. Жеңіл салмақтағы жекпе-жек төрт раундқа толық созылды. Төрешілердің бірауыздан қабылданған шешімімен Ангелина Лукас жеңімпаз атанды.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Vesti.kz - Живи спортом ?? (@vestikzsport)

Айта кетейік, кештің басты жекпе-жегінде қазақстандық Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов пен аргентиналық Хуан Эрнан Леао жартылай орта салмақтағы IBO чемпиондық белбеуін сарапқа салды.

Чемпионға арналған пәтер!

Спорт эмоцияларының бас демеушісі - 1XBET компаниясы "Чемпионға арналған пәтер" тамаша акциясын жариялайды. 1XBET компаниясымен бірге чемпион бол да, Алматының орталығындағы жап-жаңа пәтердің кілтін ал!

Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.