Ақтауда екі ер адам тапа-тал түсте үш қорап, бір қап азық-түлікті ұрлап кеткен. Олардың әрекеті видеоға түсіп қалды, деп хабарлайды "Лада" порталы.
Ресми мәліметке сәйкес, 17 желтоқсанда қала тұрғыны "РусКаз" базарына барып, азық-түлік сатып алған. Одан кейін бәрін жол жиегіне қалдырып, қоларба іздеп кеткен. Дәл сол кезде өтіп бара жатқан екі ер адам келіншектің кетіп қалғанын пайдаланып, ұрлық жасаған. Тіпті, екі рейс жасап үлгеріпті. Сөйтіп, екі қорап алма, бір қорап банан мен бір қап пиязды үптеп кеткен. Шығынның жалпы көлемі – 20 мың теңге. Тауар иесі полицияға арыз түсірді.
https://www.youtube.com/watch?v=yNBBVHQzz2A&feature=emb_title
Айта кетері, Қылмыстық кодекстің 187-бабында ұсақ-түйек ұрлыққа да жаза қарастырылған. Оған сәйкес, 802 АЕК-ке (283 360 теңге) дейiнгi мөлшерде айыппұл салу не сол мөлшерде түзеу жұмыстарын