Бұдан былай цифрлық жеке куәлікті әуежайда пайдалануға болады
Бұдан былай цифрлық жеке куәлікті әуежайда пайдалануға болады
Фото: nn-airport.kz
310
оқылды

Әуежайларда цифрлық құжаттар қызметі (eGov Mobile) қолданысқа енгізілді. Бұл туралы ИИДМ хабарлады.

Жолаушыларға жеке мәліметтерін растау үшін ішкі рейстерде eGov Mobile қосымшасы арқылы цифрлық жеке куәлігін көрсетуіне болады.

Ол үшін eGov mobile телефон қосымшасында «Цифрлық құжаттар» қызметіне кіріп, тізімнен жеке куәлікті таңдап, тексеруден өткенде QR-коды бар смартфонның экранын көрсетуі тиіс.