Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекет басшысының Алексей Цойды қызметінен босатуына қатысты пікір білдірді.
«Алексей Владимирович басқа жұмысқа ауысуына байланысты өз еркімен қызметінен босатылды», - деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.
Әзірге Алексей Цойдың орнына кім тағайындалатыны белгісіз.
Бұған дейін Президент Алексей Цойды Денсаулық сақтау министрі лауазымынан босатқанын хабарлаған болатынбыз.