Президент Көлгіновке елорданы жылумен қамту және әлеуметтік тұрғын үйлер құрылысы бойынша бірқатар тапсырма берді
Президент Көлгіновке елорданы жылумен қамту және әлеуметтік тұрғын үйлер құрылысы бойынша бірқатар тапсырма берді
238
оқылды

Мемлекет басшысы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады, - деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.

Президентке 11 ай ішіндегі елорданың әлеуметтік-экономикалық және инфрақұрылымдық дамуы туралы ақпарат берілді.
Сонымен қатар Мемлекет басшысына Нұр-Сұлтан қаласындағы эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру үшін жүзеге асырылып жатқан шаралар және халыққа вакцина салу жұмыстарының барысы туралы баяндалды.Қасым-Жомарт Тоқаев Алтай Көлгіновке жылумен қамту, инфрақұрылым, инженерлік желілер, әлеуметтік тұрғын үйлер мен нысандардың құрылысы сияқты салалар бойынша қордаланған мәселелерді шешуге қатысты, сондай-ақ шағын және орта бизнесті дамыту, жаңа жұмыс орындарын ашу үшін қолайлы жағдай жасау жөнінде бірқатар тапсырма берді.