Петропавлда есірткі сататын онлайн-дүкеннің иесі ұсталды
Петропавлда есірткі сататын онлайн-дүкеннің иесі ұсталды
272
оқылды
Есірткі сататын интернет-дүкеннің иесі 15 жылдан өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін, – деп хабарлайды Polisia.kz. Петропавл қаласында Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің қызметкерлері 29 жастағы интернет-дүкеннің иесі, “спайс” синтетикалық есірткісін өндірушіні ұстады. Полицейлер анықтағандай, ұсталған адам есірткі жасыру арқылы ақша табуды жоспарлаған. Алайда ол барынша көп пайда табамын деп шешіп,  есірткіні өндіру мен таратудың толық процесін ұйымдастырған. Ол үшін ол Петропавл қаласында пәтер жалдап, құрал-жабдықтар сатып алып, есірткі таратуға отбасылық жұп – есірткіге тәуелді М. деген азаматша мен оның бұрын бұзақылық пен ұрлық жасағаны үшін сотты болған жұбайын тартқан. Интернет-дүкен бірнеше ай ғана жұмыс істеген. Әлеуметтік желілерді мониторингілеу барысында ол полицияның назарына ілігіп, анықталған. Тінту барысында жалдамалы пәтерден таразы, есірткі өндіруге қажетті жабдықтар, буып-түю материалдары, химиялық реагенттер, өлшеп-оралған және сатуға дайындалған 250 грамм cпайс және cпайс өндіру үшін пайдаланылатын 150 грамм концентрат тәркіленді. Ұйымдастырушыдан үш ұялы телефон, үш қосымша СИМ-карта, есірткіні жеткізу мекенжайлары және олардан түскен ақша аударымдары туралы жазбалар алынды. Ұсталғандар бұл дәлелдерді тәркіленген есірткіге қарағанда мұқият жасырған, өйткені олар тыйым салынған психоактивті заттардың сатылуының ұйымдастырылуын  дәлелдейді. Заңсыз айналымға қатысушылардың барлығы ұсталған. Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, сол тектестерді заңсыз дайындағаны, сақтағаны және өткізгені үшін қылмыстық іс қозғалды. ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті есірткіні ірі мөлшерде сақтау, тасымалдау, өндіру және өткізу ұзақ мерзімге бас бостандығынан айыруға әкеп соғатынына, ал оларды интернет-дүкендер арқылы өткізген жағдайда мүлкін тәркілей отырып, он бес жылдан бастап өмір бойына бас бостандығынан айыруды көздейтініне назар аударады. https://www.youtube.com/watch?v=eFSyAXKbT38