Алматы қалалық мәслихатындағы Nur Otan партиясы депутаттық фракциясының 2021 жылғы жұмысының нәтижесі шығарылды.
Фракция жетекшісі Ләззат Ибрагимова Алматы қаласы бойынша Nur Otan партиясының 2021-2025 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі Жол картасының орындалуына ерекше назар аударды.
– 2021 жыл маңызды қоғамдық-саяси шараларға толы болды. Депутаттық фракцияның 5 жиналысы өткізіліп, 15 мәселе қаралды. Бұл бірыңғай цифрлар сияқты көрінуі мүмкін, бірақ олардың әрқайсысында бүкіл депутаттық корпус пен партияның қалалық филиалының орасан зор, тынымсыз еңбегі бар. 2021 жылы 410 іс-шара орындалды, бұл партияның сайлауалды бағдарламасында көрсетілген Жол картасында жоспарланған жұмыстың 32,2 пайызы», – деді Алматыдағы Nur Otan фракциясының жетекшісі Л.Ибрагимова.
Сонымен қатар, жыл басында партияның қалалық филиалы жанынан 11 қоғамдық кеңес құрылды. Барлығы 95 отырыс өткізіліп, 200-ден астам мәселе қаралды.
Қорытындылай келе, Алматы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мейіржан Отыншиев депутаттардың назарын депутаттық корпустың ашықтығы мен айқындығын арттырудың маңыздылығына аударды.
«Елбасы, партия Лидері Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасы бойынша келесі жылдың ақпан айынан бастап нұротандық депутаттардың рейтингі жария форматта өткізілетінін еске салғым келеді. Барлық жаңашылдықтарды ескере отырып, партиялық қызметті күшейту қажет. Сіздердің әрқайсыңыз біздің мегаполистің дамуына елеулі үлес қостыңыз деп толық сеніммен айтуға болады. Барлық партиялық бастамалар мен алдымызға қойылған міндеттерді жүзеге асыру нақты істер партиясының басты басымдығы болады. Депутаттық фракцияның барлық мүшелері әрбір азаматтың өмір сүру сапасын жақсарту үшін жұмысты жауапкершілікпен жалғастыратынына сенімдімін», – деп түйіндеді М.Отыншиев.