Қазақстанға білім алу мақсатында келетін мемлекеттердің географиясы айтарлықтай кеңейді: АҚШ, Африка, Ресей, сонымен қатар Таяу Шығыс елдерінен келген студенттер санының өсімі байқалды.
Білім алушылардың басым бөлігі (64%) ТМД елдерінен келген.
"Қазақстандық университеттер түрлі халықаралық білім беру көрмелеріне белсенді қатысуда. Мәселен, осы жылдың қараша айында Бішкек (Қырғызстан) және Ташкент (Өзбекстан) қалаларында «Қазақстанның білім күндері» ұйымдастырылды. Осылайша өзге елдердің азаматтары біздің жоғары оқу орындарымыз туралы білетін болады. Сонымен қатар университеттеріміз шетелдік студенттерге арнайы білім гранттарын бөледі", – деді Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Әділет Тойбаев.