Үкімет зейнетақы жинағын алуға қатысты қаулы шығарды
Үкімет зейнетақы жинағын алуға қатысты қаулы шығарды
© ult.kz
292
оқылды
Премьер-Министр Асқар Мамин «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін біржолғы зейнетақы төлемдерін тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында нысаналы пайдалану жөніндегі уәкілетті операторларды айқындау және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 қаңтардағы №1 қаулысына толықтыру енгізу туралы  қаулыға қол қойды, – деп хабарлады primeminister.kz.
«Зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткілікті шегін айқындау әдістемесіне сәйкес, 2021 жылға есептелген зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткілікті шегі 2022 жылғы 1 сәуірге дейін қолданылады деп белгіленсін», – делінген хабарламада.
Осы қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі. Бұған дейін Мемлекет басшысы  Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке зейнетақы қорындағы қаражатты пайдалануға қатысты жеткілікті шегін көтеру мерзімін 2022 жылдың 1 сәуіріне дейін ұзартуды тапсырғанын хабарлаған болатынбыз.