«Алтын тобылғы»  байқауының жеңімпаздары анықталды
«Алтын тобылғы»  байқауының жеңімпаздары анықталды
620
оқылды

Елімізде әдебиетке жақын, жазушылық қабілеті бар дарынды жастар аз емес. Әсіресе, жас ақын-жазушыларымыз көп. Бұған «Алтын тобылғы» республикалық әдеби байқауының қорытындысы дәлел. Жетінші рет өткізіліп отырған сайысқа биыл 156 шығарма тапсырылды. Басты мақсат – жас қаламгерлерді қолдай отырып, олардың шығармашылығын насихаттап, әдебиетке жаңа үн қосу.

«Алтын тобылғы» байқауы жыл сайын еліміздің барлық өңірінен дарынды әдебиетшілерді анықтайды. Сондықтан шығармашыл жастар арасында үлкен сұранысқа ие болған жобаға айналды. Бес номинация бойынша қатысқан үміткерлер еліміздің құндылығын, тарихын, мәдениетін, адамгершілік қасиетін, тәуелсіздік кезіндегі қазақстандықтардың жетістігін, егемен Қазақстанның дамуындағы Тұңғыш Президенттің рөлін айшықтап көрсетті. «Байқауға қатысып, қызықты дүниелер көрсеткені үшін әрбір авторға алғыс айтамыз. Сіздердің еңбегіңіз әдебиетті оқуға, рухани құндылықтарды нығайтуға деген қызығушылықтың артуына ықпал етеді», – деді Нұрсұлтан Назарбаев Қоры атқарушы директорының орынбасары Әлкей Марғұланұлы. Байқау жеңімпаздары: - «Жылдың үздік прозасы» номинациясы Жәмила Абдуллаева («Ұят, қызым!» романы); байқау - «Жылдың үздік поэзиясы» – Дүйсенәлі Әлімақын («Күзгі кеште гүл есінер»); байқау - «Жылдың үздік драматургиясы» – Әлішер Айтуар («Иллюзия»); байқау - «Жылдың балаларға арналған үздік шығармасы» – Жадыра Байбұланова («Әшекей»); байқау - «Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған үздік туынды» – Шапағат Әбдірұлы. байқау «Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған үздік туынды» номинациясының иесі 3 млн теңге, ал қалған жеңімпаздарға 2 млн теңге табыс етілді.