Полицейлер елордалықтарға ескерту жасады
Полицейлер елордалықтарға ескерту жасады
266
оқылды

Елордада өзін банк немесе мемлекеттік мекеме қызметкері ретінде таныстырып, тұрғын үй кезегін жылжыту немесе ипотеканы ресімдеу үшін ақшалай сыйақы сұрайтын алаяқтық жағдайлары жиілеп кетті. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

Мәселен, биыл 17 желтоқсанда ішкі істер органдарына елорда тұрғыны арыз берген. Алаяқ елорда әкімдігіне қарасты тұрғын үй басқармасының қызметкерімен деп танысып, мемлекеттік бағдарлама бойынша тұрғын үй кезегін жылжытып беремін деген сылтаумен ақша алған. Елорданың тәртіп сақшылары алаяқтық жасаған ер адамды ұстады. Жәбірленушінің айтуынша, танысы екінші деңгейлі банктерде байланысы бар екенін айтып, ипотека рәсімдеуге көмектесуге уәде берген. Өз "қызметі" үшін сәуір айында 2,2 миллион теңге алған, бірақ бүгінге дейін уәдесін орындамаған. Полиция департаменті қала тұрғындарын сақ болуға, тек ресми және сенімді ақпарат көздеріне сенуге шақырып, банктердің, әкімдіктің және өзге де мемлекеттік мекемелердің ресми телефондарына қайта қоңырау шалып, тексеру керектігін ескертті.