Терезені жабыңыздар! – Экология департаменті Өскеменде көрінген қызғылт түтінге қатысты түсініктеме берді
Терезені жабыңыздар! – Экология департаменті Өскеменде көрінген қызғылт түтінге қатысты түсініктеме берді
428
оқылды
Шығыс Қазақстан облыстық Экология департаменті Өскеменде тараған қызғылт түтінге қатысты түсініктеме берді. «Бүгін сағат 12:00-де департаментке шағым түсті, 12:15-те мамандарымыз оқиға орнына барып, жер қабатына өлшеу жүргізді. Хлор шекті мөлшерден 4 есеге артып кеткені анықталды. Қазір біз жоспардан тыс тексеру жүргізуді ұсынып отырмыз. Тұрғындарға терезені жабық ұстауларын сұраймыз» делінген департамент таратқан ақпаратта. Ал Өскемендегі «Титан магний комбинаты» АҚ еңбекті қорғау, қоршаған орта және төтенше жағдай бөлімінің басшысы Ринат Әміров: «Комбинат аумағында ешқандай апат болған жоқ. Біз штаттық режимде жұмыс істеп жатырмыз», – деп қысқа ғана жауап беріпті. https://youtu.be/t7AhK6bVrfI