Компания халықтан заңсыз ақша жинаған
Компания халықтан заңсыз ақша жинаған
540
оқылды
Петропавлда Табиғи монополияларды реттеу агенттігі қаланы жылумен қамтып отырған жылу-энергия компаниясын сотқа берді. Себебі тұрғындардан заңсыз қар­жы жинап келген. Монополистер соңғы жылдары тұтынушыларға жылу тасымалына кеткен шығынды өтеуді міндеттепті. Орталықтан­дырыл­ған жүйеге қосылған жер үйлердің иелеріне таратылған түбіртекте «жылу шығыны» деген бағана пайда болып, оларға заңсыз қо­сымша ақы қосылған. Тіпті, кейбіріне 50 мың теңгеге дейін есепшот келген. Ақыры мұндай төлем жасауға қарсылық білдіргендер тиісті органдарға шағым­данған. – Біздің мамандар аудан­аралық экономикалық сотқа талап-арыз берді. Яғни, жылу компаниясы мұндай есептеуді тоқ­татуы керек. Бұл – заңсыздық, біз 2020-2021 жылдардағы төлемдерді қайта есептеуді талап етіп отырмыз. Ал артық ақша тұтыну­шыларға қайтарылып берілуі керек, – дейді Табиғи монополияларды реттеу комитетінің СҚО бойынша департаменті басшы­сының орынбасары Айхын Жиен­құлов.