Қазақстанда вакцинация жалғасып жатыр. Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы Жандос Бүркітбаевтың айтуынша, вакцина алуы тиіс адамдардың 73,8%-ы екпенің 2 компонентін де алған.
«Осы уақытқа дейін коронавирусқа қарсы екпенің І компонентін 8,9 млн астам адам алды. 2-компонентпен 8,4 миллионнан астам адам егілді. Бұл – вакцина алуы тиіс адамдардың 73,8%», – деді Бүркітбаев.
Ал Comirnaty (Pfizer) вакцинасы 235 117 адам салдырды. Оның ішінде, 187 315 жасөспірім мен 47 786 жүкті және бала емізетін әйелдер бар.
Ревакцинациядан 303 мың адам өтті.