Қайрат Нұртастың АҚШ-тағы концертіне билеттер 65 000 теңгеден сатылған
Қайрат Нұртастың АҚШ-тағы концертіне билеттер 65 000 теңгеден сатылған
Фото: yandex.kz
281
оқылды

АҚШ-тың бірнеше қаласында әнші Қайрат Нұртастың концерті өтіп жатыр. Бұл туралы 365info.kz жазды.

Әншінің анасы Гүлзира Айдарбекованың айтуынша, Қайрат Нұртастың концертіне билеттер сұраныс көптігінен жылдам сатылып жатыр. Күні кеше Филадельфиядағы ресторанда, іле-шала Чикагода өнер көрсеткен әншінің концерті бүгін Нью-Йоркте өтпек. Гүлзира Айдарбекованың айтуынша, Қайрат Нұртас АҚШ-та Тәуелсіздік күні қарсаңында концерт өткізбек болған. Бірақ виза рәсімдеуде қиындықтар болған. Сондықтан алдын ала нақты жоспар жасай алмаған. Виза дайын болмаған. Сондықтан АҚШ-қа келе сала 4-5 күндік дайындықпен шағын концерттер өткізген.
«Виза мәселесімен біздің Америкаға келер-келмесіміз белгісіз болды. АҚШ-қа 15 желтоқсанда келіп, 18-не концерт өткізді. Үш күн концертке дайындық үшін өте аз болды», – деп жазды ол.
Концертке билет 150 доллардан (65 000 теңге ред.) жоғары бағаға сатылған.

Бұған дейін АҚШ президентін ұлықтау салтанатында Қазақстаннан өнер көрсеткен тұңғыш әнші туралы жазған болатынбыз.