30 желтоқсаннан бастап "SCAT" әуе компаниясы аптасына бір рет бейсенбі күні Б–757 әуе кемесімен Алматы-Фукуок бағытындағы рейстерді қайта бастауды жоспарлап отыр, – деп хабарлады Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі.
Әуе қатынасын қалпына келтіруге Қазақстан Республикасының аумағында коронавирус инфекциясының пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2021 жылғы 14 желтоқсандағы шешімімен рұқсат етілді.
Рейстер санын арттыру мәселесі эпидемиологиялық жағдайға және ведомствоаралық комиссияның тиісті шешімдеріне байланысты қабылданады.
Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуе компаниясының сайтында жарияланған кестеге сәйкес орындалады.