Қазақстандық зейнетақы жинағынан алынған 162 млн теңгеге баспана сатып алды
Қазақстандық зейнетақы жинағынан алынған 162 млн теңгеге баспана сатып алды
Фото: Pinterest
283
оқылды
«Отбасы банк» АҚ Басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова  зейнетақы жинағын алу бойынша ең ірі операцияны айтты.
Оның айтуынша, бүгін таңертең 179 192 транзакция ипотекасыз жүзеге асырылды. Бұл жай ғана үйді толық сатып алуға жасалған мәміле.
"Зейнетақы жинағын пайдалана отырып, тұрғын үй сатып алу бойынша ең ірі мәміле 162,4 миллион теңге болды. Яғни, бұл бұрынғысынша премиум-кластағы тұрғын үй. Бұл сегментте ең аз сомадағы мәміле шамамен бір миллион теңге. Ол сірә, ауылда немесе облыс орталығында болуы мүмкін", – деді Ләззат Ибрагимова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Бұған дейін Мемлекет басшысы  Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке зейнетақы қорындағы қаражатты пайдалануға қатысты жеткілікті шегін көтеру мерзімін 2022 жылдың 1 сәуіріне дейін ұзартуды тапсырғанын хабарлаған болатынбыз.