Қазақстан құрамасы каратеден Азия чемпионатында топ жарды
Қазақстан құрамасы каратеден Азия чемпионатында топ жарды
247
оқылды

Алматыда каратеден ересектер арасында өткен Азия чемпионатында Қазақстан ерлер құрамасы командалық сында жеңімпаз атанды.

Қазақстандық каратешілер финалда Иран құрамасымен сынға түсті. Қазақстандықтар үш ирандық қарсыласын жеңіп, командасына жеңіс әперді. Бұдан бұрын Қазақстан әйелдер құрамасы командалық сында қола жүлдеге ие болған еді. Кіші финалда олар ирандықтарды жеңді. Қазақстан намысын Софья Берульцева, Сабина Захарова және Мөлдір Жаңбырбай қорғады. Оған қоса Токио Олимпиадасының жүлдегері С.Берульцева жекелей сында күміс медальға қол жеткізді. Ол финалда жапониялық Юдзуки Саваиға есе жіберді.