Бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мемлекеттік қызметтен кетуді осыдан 8 ай бұрын шешкен, – деп жазады 24.kz.
Цойдың айтуынша, өзі басқарған кезде бір ғана орталық коммуникациялар орталығының өзінде 27 рет брифинг өткізген.
Экс-министр Алексей Цой: «Біздің министрлік сияқты өзге ведомстволар журналистермен дәл осылай жиі кездеспеген болар. Тек орталық коммуникациялар орталығының өзінде 27 рет брифинге шықтым. Оның бәрі уақыт алатынын түсіну керек. Бір брифингтің өзіне кейде 3-4 сағат кетеді. Оған қоса дайындық уақыты бар. Пандемия кезінде шешілуі тиіс көптеген мәселе тағы бар. Жаңа вакциналарды жеткізуге қатысты бұйрықты күтеміз. Мұның бәрін ешкім есептемейді», – дейді.