Осыдан 8 ай бұрын мемлекеттік қызметтен кетуге бел будым – Алексей Цой
Осыдан 8 ай бұрын мемлекеттік қызметтен кетуге бел будым – Алексей Цой
Фото: newsroom.kz
168
оқылды

Бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мемлекеттік қызметтен кетуді осыдан 8 ай бұрын шешкен, – деп жазады 24.kz.

Цойдың айтуынша, өзі басқарған кезде бір ғана орталық коммуникациялар орталығының өзінде 27 рет брифинг өткізген.

Экс-министр Алексей Цой: «Біздің министрлік сияқты өзге ведомстволар журналистермен дәл осылай жиі кездеспеген болар. Тек орталық коммуникациялар орталығының өзінде 27 рет брифинге шықтым. Оның бәрі уақыт алатынын түсіну керек. Бір брифингтің өзіне кейде 3-4 сағат кетеді.  Оған қоса дайындық уақыты бар. Пандемия кезінде шешілуі тиіс көптеген мәселе тағы бар. Жаңа вакциналарды жеткізуге қатысты бұйрықты күтеміз. Мұның бәрін ешкім есептемейді», – дейді.

Пандемия кезінде Орталық коммуникациялар орталығында брифингті жиі өткізген бұрынғы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов табысынан айырылғандарға төленген 42 500 теңгені алу тәртібін түсіндірген еді.