Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясын кімдер алды?
Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясын кімдер алды?
Фото: m.azh.kz
1,025
оқылды

2021 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясын беру туралы Президент өкімі шықты. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

«Осы өкімдегі қосымшаға сәйкес 2021 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясы берілсін. Осы өкім бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын» делінген ресми хабарламада.

2021 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясының иегерлері:

  Әдебиет қайраткерлері  
Айтқожа Марфуға – 1936 жылы туған, ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Парасат» орденінің иегері  
Алдияр Бақытжан   – 1974 жылы туған, ақын, «Серпер» жастар сыйлығының лауреаты  
Әбдікұлы Төлен – 1942 жылы туған, жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
Әшімов Әкім (Әкім Тарази)   – 1933 жылы туған, жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Әшіров Ахмет   – 1938 жылы туған, жазушы-драматург, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері  
Бақтыгереева Ақұштап   – 1944 жылы туған, ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері  
Гарькавец Александр   – 1947 жылы туған, түркітанушы-ғалым, қоғам қайраткері  
Досанов Сәбит   – 1940 жылы туған, жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Парасат» және «Барыс»  ордендерінің иегері  
Жағанова Алтыншаш   – 1943 жылы туған, жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері  
Жайлыбай Ғалым – 1958 жылы туған, ақын, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері  
Жолдасбеков Мырзатай – 1937 жылы туған, мемлекет және қоғам қайраткері, «Құрмет» және «Парасат»  ордендерінің иегері  
Исабаев Нұртас   – 1954 жылы туған, ақын, «Құрмет» орденінің иегері  
Исабеков Дулат – 1942 жылы туған, жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, ІІ дәрежелі «Достық» орденінің иегері  
Қосылбеков Дидар   – 1969 жылы туған, жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері  
Қыдырханұлы Уахап – 1932 жылы туған, жазушы, Қазақ  КСР-інің еңбек сіңірген мәдениет қызметкері  
Медетбек Темірхан   – 1945 жылы туған, жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері  
Мырзахметұлы Мекемтас – 1930 жылы туған, әдебиеттанушы,  Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты  
Нұрпейісов Әбдіжәміл   – 1924 жылы туған, Қазақстанның Еңбек Ері, Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты  
Оразбаев Иранбек   – 1947 жылы туған, ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің иегері  
Өтеулиев Бауыржан   – 1969 жылы туған, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты  
Салғараұлы Қойшығара – 1939 жылы туған, жазушы, ғалым, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері  
Сарыбаев Бейбіт   – 1983 жылы туған, жазушы  
Сегізбай Кәдірбек   – 1941 жылы туған, жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері  
Сматаев Софы   – 1941 жылы туған, жазушы, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері  
Сүлейменов Олжас   – 1936 жылы туған, ақын, Қазақ КСР-інің халық жазушысы, Қазақстанның Еңбек Ері,  Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының  Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығының лауреаты  
Тұрғынбекұлы Серік   – 1946 жылы туған, ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің иегері  
Шапай Тұрсынжан   – 1957 жылы туған, жазушы, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
  Өнер қайраткерлері  
Әбдіреев Марат   – 1965 жылы туған, суретші  
Андриасян Рубен   – 1938 жылы туған, театр режиссері, Қазақстанның халық әртісі  
Асылханов Ермек   – 1951 жылы туған, дизайнер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері  
Ахметова Мәрия   – 1921 жылы туған, музыкатанушы
Әшімов Асанәлі – 1937 жылы туған, КСРО халық әртісі, Қазақстанның Еңбек Ері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты  
Әшірбекова Роза – 1938 жылы туған, актриса, Қазақ КСР-інің халық әртісі  
Байдүкенова Рухия – 1998 жылы туған,  әнші, «Славянский базар-2021» халықаралық конкурсының жеңімпазы  
Байсейітова Раушан   – 1947 жылы туған, Қазақ КСР-інің халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты  
Бекназар-Ханинга Лейло – 1960 жылы туған, актриса  
Бекқұлова Айжан   – 1954 жылы туған, қолөнерші  
Джалилов Самат   – 1990 жылы туған,  кинорежиссер  
Жаманбаев Базарғали   – 1942 жылы туған, дирижер, Қазақ КСР-інің халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты  
Жақанов Ілия – 1936 жылы туған, композитор, ақын, өнертанушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Отан» орденінің иегері  
Жанботаев Досжан – 1949 жылы туған, Қазақстанның халық әртісі  
Жолжақсынов Досхан   – 1951 жылы туған, Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Отан» орденінің иегері  
Ерманов Жүрсін   – 1951 жылы туған, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері  
Зайберт Виктор   – 1947 жылы туған, археолог  
Имаханов Бекен – 1936 жылы туған, Қазақ КСР-інің халық әртісі  
Қалықова Саида   – 1985 жылы туған, пианист
Кәден Лидия – 1952 жылы туған, актриса, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген әртісі, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері  
Клушкин Юрий – 1937 жылы туған, музыкант, Қазақ КСР-інің халық әртісі, «Парасат» орденінің иегері  
Қазығұлов Алпысбай – 1958 жылы туған, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің иегері  
Қастеева Зарема   – 1947 жылы туған, балерина, Қазақ КСР-інің халық әртісі
Қосыбаева Тамара   – 1928 жылы туған, актриса, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі  
Қосымбаев Мэлс   – 1970 жылы туған, айтыскер
Максим Ержан   – 2007 жылы туған, әнші, республикалық және халықаралық конкурстардың лауреаты  
Мәлібекұлы Жандарбек – 1942 жылы туған, сәулетші, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының авторы  
Мышбаева Нүкетай – 1936 жылы туған, Қазақ КСР-інің халық әртісі, «Парасат» орденінің иегері  
Наурыз Ернат   – 1995 жылы туған, домбырашы, республикалық және халықаралық конкурстардың лауреаты  
Нүсіпжан Нұрғали – 1937 жылы туған, әнші, Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Парасат» және ІІ дәрежелі «Барыс» ордендерінің иегері  
Обаев Есмұқан   – 1941 жылы туған, Қазақ КСР-інің халық әртісі, «Парасат» орденінің иегері  
Олжабай Темірлан   – 1996 жылы туған, күйші, республикалық және халықаралық конкурстардың лауреаты  
Оразбаев Сәбит     – 1936 жылы туған, Қазақ КСР-інің халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты  
Орымбаева Гүлсәуле   – 1952 жылы туған, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері  
Өтекешева Меруерт   – 1951 жылы туған, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген әртісі, «Құрмет»  және «Парасат» ордендерінің иегері  
Померанцев Юрий   – 1923 жылы туған, Қазақ КСР-інің   халық әртісі, Қазақстанның Еңбек Ері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты  
Разиева Гульвер   – 1936 жылы туған, Қазақ КСР-інің халық әртісі, «Парасат» орденінің иегері  
Сұлтанов Сүндет   – 1992 жылы туған, балет солисі  
Сіргебаев Ескен     – 1940 жылы туған, суретші, мүсінші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері  
Тасыбекова Торғын – 1938 жылы туған, Қазақ КСР-інің халық әртісі  
Төлегенова Бибігүл   – 1929 жылы туған, КСРО-ның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты  
Тұрдығұлов Жолаушы   – 1950 жылы туған, суретші  
Тұрысбек Секен   – 1961 жылы туған, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері  
Тыныштығұлова Сара   – 1942 жылы туған, Қазақ КСР-інің халық әртісі, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері  
Тілеубаев Қуат   – 1972 жылы туған, киносуретші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері  
Шәкірат Сержан   – 1939 жылы туған, күйші, «Құрмет» орденінің иегері  
Шынарбаев Ермек   – 1953 жылы туған, кинорежиссер, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері.