Елордада бірінші компонентпен халықтың 67,8%-ы вакцинацияланды
Елордада бірінші компонентпен халықтың 67,8%-ы вакцинацияланды
542
оқылды
Елордада тұрғындарды КВИ-ге қарсы вакцинациялау қарқыны артып келеді. Қала бойынша барлығы бірінші компонентпен халықтың 67,8%-ы вакцинацияланды. Ерекше белсенділік жасөспірімдер арасында байқалады, – деп хабарлады қалалық Денсаулық сақтау басқармасы. Бүгінгі таңда Нұр-Сұлтанда 18 600-ден астам адам Pfizer препаратымен егілді. Оның 12 мыңнан астамы 12-17 жастағы балалар, 6 мыңға жуығы бала емізетін әйелдер және 400-ден астамы жүкті әйелдер. Денсаулық сақтау басқармасында атап өткендей, вакцинация пунктері, негізінен, жұмыс күндері толтырылады. "Біз демалыс күндері адамдар өз ісімен айналысатынын, отбасымен уақыт өткізетінін түсінеміз, сондықтан вакцинацияның өсуі жұмыс күндеріне келеді. Бірақ, осыған қарамастан, егу пунктері демалыс және мереке күндері де жұмысын жалғастыруда", – деп хабарлады ведомстводан. Сондай-ақ, елордада тұрғындардың ревакцинациясы жалғасуда. Ревакцинацияның бір айында 13 мыңнан астам адам КВИ-ға қарсы үшінші рет вакцина алды. Естеріңізге сала кетейік, медициналық ұйымдарда да, сауда кешендерінде де қайта вакцинациялауға болады. Ал Pfizer алу үшін медициналық ұйымдар мен елордалық мектептердің вакцинация пунктеріне ғана жүгіну қажет. Қазіргі уақытта америкалық вакцина тек жүкті және бала емізетін әйелдерге, 12 жастан 18 жасқа дейінгі балаларға арналған.