«Ерлі-зайыптылардың арасында жанжал шығып, әйелі күйеуінің бетіне бірнеше рет соққы жасаған. Содан кейін ер адамның ауруханаға баруына тура келді. Медициналық сараптама жеңіл дәрежедегі дене жарақатын анықтады. Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіргені үшін ауыл тұрғынына қатысты 73-1-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Материал Баянауыл аудандық сотына жолданады», – деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Бұған дейін Алматы облысында ер адам әйелінің көңілдесін балталап өлтіргенін жазған болатынбыз.