Нұр-Сұлтан және Алматыда Қаржылық мониторинг агенттігі Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп, арнайы операция жүргізді. Операция нәтижесінде есірткі заттарын контрабандалық жеткізумен және оларды Қазақстан аумағына өткізумен айналысқан 5 адам ұсталды.
Есірткі заттары халықаралық арналар арқылы жақын шетелдерден халық тұтынатын әртүрлі тауарлар түрінде жеткізілген.
Шағын мөлшерде өлшеп оралған есірткі заттары Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының саябақтарының, мектептерінің, ауруханаларының, мектепке дейінгі мекемелердің аумағында «жер астына салынған зат» түрінде таратылған.
Сату анонимді Telegram-каналдар арқылы жүргізілді, төлем Qiwi-кошелек электронды төлемдер арқылы қабылданды.
Негізгі сатып алушылар Қазақстандағы кәмелетке толмаған жасөспірімдер болған.
Есірткі сатушылар үй жануарларына арналған азық түрінде оралған кезекті халықаралық тауарды алу кезінде ұсталды.
Ұсталғандардың тұратын жерлерін тінту кезінде синтетикалық есірткі заты - мефедрон, марихуана, буып-түю материалдары, таразы табылды.
Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 7 килограмнан астам марихуана мен мефедронды құрады.
ҚР ҚК 286-бабының 2-бөлігі және 297-бабының 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Есірткі сақтағаны және сатқаны үшін бес қылмыскер ұсталды.
Ұсталғандар тергеу изоляторына 2 ай мерзімге қамауға алынды, тергеу амалдары жүргізілуде.