Ерлан Бекмұрзаев елорда әкімінің орынбасары болып тағайындалды
Ерлан Бекмұрзаев елорда әкімінің орынбасары болып тағайындалды
332
оқылды
Нұр-Сұлтан әкімінің орынбасары Малика Бектұрованың басқа жұмысқа ауысуына байланысты Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары тағайындалды. Президент Әкімшілігінің келісімі бойынша 37 жастағы Ерлан Бекмұрзаев әкімнің орынбасары болды, – деп хабарлады Елорда әкімдігінің ресми сайты.  Ол еңбек жолын 2007 жылы Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар департаментінің маманы қызметінен бастаған. Әр жылдары Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінде сарапшы болып жұмыс істеді. 2017 жылдан 2021 жылға дейін елорданың Инвестициялар және даму басқармасының орынбасары, басшысы болып жұмыс істеді. 2021 жылдан бастап Нұр-Сұлтан қаласындағы Алматы ауданының әкімі. Мемлекеттік қызметтегі жалпы еңбек өтілі 15 жылды құрайды. Елорда әкімі Алтай Көлгінов аудан әкімдері мен орынбасарларының алдына бірқатар міндеттер қойды.