Желіде "Мобильді крематорийлер" туралы ақпарат тарауда
Желіде "Мобильді крематорийлер" туралы ақпарат тарауда
108
оқылды
Желіде "Қазақстанда мобильді крематорийлер іске қосылды" деген мәлімет тарап жатыр. Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды, – деп хабарлайды stopfake.kz.
"Суретке мәйіт өртейтін крематорий емес, ресейлік "Турмалин" компаниясы жасаған ИН-50.1К инсинераторы түсірілген. Ол қауіпті биологиялық қалдықтарды жою үшін арнайы жасалған", – деп жазылған хабарламада.
Құрылғы алғаш рет 2011 жылы Ленэкспо көрмесінде ұсынылған. "Содан бері "мобильді крематорий" суреттері желіде кеңінен тарады. Инсинератордың ішкі құрылғысы жұмысының видеосын өндірушінің ресми YouTube арнасынан көруге болады", – деп жазылған ақпаратта. Суреттің Қазақстанға қатысы жоқ. Таратылған фото 2015 жылы немесе одан бұрын Ресейде түсірілген.