Ауылдарда су қымбаттады
Ауылдарда су қымбаттады
263
оқылды
Батыс Қазақстан облы­сының 150 ауылында ауызсу бағасы үш есеге дейін өсті. Жаңа тариф облыстық мәс­лихаттың кезекті сессия­сында бекітілген. Судың әр текше метрі үшін орташа тариф 318 теңге болып белгіленді. Бірақ есептегіш құ­ралы бар тұрғындар үшін баға небәрі 30 теңге болатын. Ал мұн­дай құралы жоқтар 40 теңге тө­лейтін. Жаңа жылдан бастап ауыл тұрғындары үшін оның бағасы 90, ал есептеу құралы жоқтар үшін 200 теңгеге жетпек. Кәсіпорындар мен халыққа ұсынылған тариф арасындағы айырмашылық өңір және республика бюджеті есе­бінен субсидияланады. – Әсіресе, жазғы айларда бізде көптеген шалғай ауылда ауызсу тапшы болады. Неге десеңіз, адамдар таза ауызсумен бақша суарады, өлшемсіз малға береді. Нәтижесінде, кейбір азаматтар сусыз отырады. Біздің есебіміз бойынша, келесі жылы су жеткі­зетін кәсіпорындарға тікелей облыстық бюджеттен 1 миллиард 216 миллион теңге субсидия бөлеміз. Сондықтан олар суды 3 есе арзан беруі тиіс, – дейді облыстық мәслихат жанындағы бюджеттік комиссияның төрағасы Мұрат Мұқаев.

М.ХАҚНАЗАР